«Summer champ» республикалық онлайн байқауын өткізу ережесі
1. Жалпы ережелер
1.1. «Summer champ» (бұдан әрі - Конкурс) республикалық онлайн байқауының ережесі бойынша – ұйымдастырушылар байқаудың мақсаттары мен міндеттерін анықтауға, ұйымдастыру мен өткізу тәртібін өзгертуге, қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін және жеңімпаздарды айқындауға құқылы.
1.2. «Summer champ» (бұдан әрі - Конкурс) республикалық онлайн байқауының ережесі бойынша – ұйымдастырушылар байқаудың мақсаттары мен міндеттерін анықтауға, ұйымдастыру мен өткізу тәртібін өзгертуге, қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін және жеңімпаздарды айқындауға құқылы.
1.3. Байқау 27 мамыр мен 6 маусым аралығында өтеді және бір кезеңнен тұрады.
1.4. Олимпиадаға мектептің меншік нысанына, ведомстволық және аумақтық тиістілігіне қарамастан 8-10 сынып оқушылары (14 жастан 17 жасқа дейін қоса алғанда) қатысады.
1.5. Байқауға қатысу ақылы, қатысу құны 1 990 теңгені құрайды.
2. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері
2.1. Байқаудың мақсаты – 8-10 сыныптың дарынды оқушыларын қолдау және академиялық қабілеттерін анықтау үшін оңтайлы жағдай жасау.
2.2. Байқаудың міндеттері:
1) 8-10 сынып оқушыларының теориялық және практикалық білімдерін тереңдету;
2) Оқушыларды республикалық және Халықаралық олимпиадаларға қатысуға дайындау;
3) Елдің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу;
4) «El Umiti-2024» жазғы лагерін насихаттау.
3. Байқауды ұйымдастыру
3.1. Байқауды өткізу және қатысушыларды бағалау рәсімдерін, қажетті деп саналатын ұйымдастырушылық, ақпараттық және технологиялық қолдау қызметтерін ұйымдастырушылар қамтамасыз етеді.
3.2. Байқауды өткізуді қамтамасыз ету үшін Ұйымдастырушы https://ro.elumiti.kz/ сайтының (бұдан әрі – сайт) жұмысын пайдаланады.
3.3. Ұйымдастырушы - Байқаудың Ұйымдастыру комитетін (бұдан әрі - Ұйымдастыру комитеті) құрады.
3.4. Байқауды ұйымдастыру комитетінің функциялары:
1) Байқауды дайындау мен өткізуге тікелей басшылық жасау;
2) Байқау жеңімпаздарын анықтау;
3) Байқауды өткізу және қорытындылау мерзімдерін анықтау;
4) Республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарына ақпарат беру.
3.5. Байқау 1-кезеңмен өтеді:
3.5.1. Байқауға қатысу үшін қатысушылар Байқау сайтына тіркеледі.
3.5.2. Байқау онлайн тестілеу форматында өтеді. 40 сұрақтан тұратын тест тапсырмасы (Кеңістіктік ойлау - 15 сұрақ, Математикалық сауаттылық - 15 сұрақ, Ағылшын тілі - 5 сұрақ, Жаратылыстану/География/Биология - 5 сұрақ), 1 немесе бірнеше дұрыс жауаптардан тұратын 4 жауап нұсқасы беріледі. Ең көп ұпай саны - 100.
3.5.3. Тестілеуді интернет желісіне қосылған кез келген мобильді құрылғыдан немесе компьютерден (оның ішінде смартфон, планшет, ноутбук) тапсыруға болады.
3.5.4. Байқаудың тест тапсырмаларын орындау үшін тест жұмыстарын тапсыру уақыты белгіленген: байқауда тестілеудің жалпы ұсынылған ұзақтығы кемінде 30 минут және 120 минуттан аспайды.
3.5.5. Уақытша шектеулер бұзылған жағдайда қатысушының нәтижелері есепке алынбайды, қатысушы байқаудан шеттетіледі.
4. Байқауды өткізу тәртібі
4.1. Байқауды өткізу мерзімі:
- Ұйымдастырушының сайтында тіркелу - 27 мамыр сағат 10:00-ден 05 маусымға дейін, 23.00-ді қоса алғанда;
- Байқаудың тест тапсырмаларын тапсыру 3 маусым сағат 10:00-ден 05 маусымға дейін, 23.00-ді қоса алғанда;
- Байқау қорытындыларын жариялау - 06 маусым күні, сағат 15: 00-де
4.2. Байқауды өткізу мерзімі мен шарттары туралы ақпарат ro.elumiti.kz Сайтында, сондай-ақ Instagram әлеуметтік желісіндегі el_umiti.kz және olimpiada_elumiti.kz парақшаларында, Bilim_Hub телеграм арнасында жарияланады
4.3. Байқаудың барлық тапсырмаларын Ұйымдастырушы тарап бекіткен сарапшылар дайындайды.
4.4. Байқаудың тапсырмаларының күрделілігі әртүрлі деңгейде және мектеп бағдарламасына кірмейтін тақырыптарды қамтуы мүмкін. Тапсырмалардың тақырыптары оқушылардың тәжірибесіне, қызығушылықтарына және даму деңгейіне сәйкес келеді.
4.5. Байқаудың жеңімпаздарын анықтау: Сайтта баллдарды есептеу автоматты түрде жүзеге асырылады.
4.6. Егер Байқауға қатысушылар:
1) бірдей қорытынды ұпайлар жинаса, «Кеңістіктік ойлау» бөліміне сәйкес жоғары балл жинаған байқау қатысушысына басымдық беріледі.
2) «Кеңістіктік ойлау» бөлімі бойынша ұпайлар саны бірдей болса, «Математикалық сауаттылық» бөліміне сәйкес жоғары балл жинаған Байқау қатысушысына басымдық беріледі.
5. Қатысушылардың құқықтары мен міндеттер
5.1. Байқау өту кезiнде қатысушылар: кеңсе керек-жарақтарын, калькулятор аналогын пайдалануға, ерекше қажеттілік туындаған жағдайларда ғана өздерiнiң отырған жерiнен кетуге құқылы.
5.2. Байқауды өткiзу кезiнде қатысушыларға: оқу және өзге де әдебиеттерді, кiтаптарды, жазбаларды және өзге де электрондық ақпарат тасығыштарды пайдалануға, сөйлесуге және өздерiнiң орналасқан жерiн өзгертуге тыйым салынады, барлық ережені бұзатын әрекеттерді прокторинг жүйесi тiркейдi.
5.3. Байқауға қатысушылар: Байқау өткізудің белгіленген тәртібін бұзған, онлайн ресурстарды әдейі пайдаланған жағдайларда шеттетілуі мүмкін.
5.4. Көрсетілген ереже бұзушылықтар анықталған жағдайда қатысушының жұмысы жойылады.
5.5. Байқауда апелляция қарастырылмаған.
5.6. Қатысушылардың дербес деректерін өңдеу - Сайт пайдаланушысының дербес деректерінің құпиялылық саясатын және сайт пайдаланушысының дербес деректерін пайдаланудың құпиялылығы туралы келісімшартқа келісуі негізінде жүргізіледі.
6. Нәтижелерді анықтау және жеңімпаздарды марапаттау
6.1. Барлық қатысушылар Байқауға қатысқанын растайтын электрондық сертификат алады.
6.2. Байқаудың нәтижелерін анықтау Байқау аяқталғаннан кейін 1 күннен аспайтын мерзімде өткізіледі.
6.3.Байқау жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады, сондай-ақ ең жоғары нәтиже көрсеткен 10 қатысушы ағымдағы жылдың 16-25 маусымы аралығында «El Umiti-2024» жазғы лагеріне тегін жолдама алады. Жолдама - жол жүру құнын (Көкшетау қаласынан демалыс аймағына дейін және кері қарай), тамақтану, тұру шығындарын өтейді.
6.4. Егер конкурс жеңімпазы нәтижелерді жариялағаннан кейін 24 сағат ішінде лагерьге баруын растамаған (ұйымдастырушылардың электрондық поштасына a.kairollaev@el-umiti.kz конкурс қағидаларының №1 қосымшасына сәйкес лагерьге қабылдау үшін ата-анасынан өтініш жібермейді жағдайда) - оның орны жойылып, резервтен келесі қатысушыға беріледі.
6.5.Байқау нәтижелері ro.elumiti.kz сайтында, сондай-ақ Instagram әлеуметтік желісінде el_umiti.kz және olimpiada_elumiti.kz парақшаларында, Bilim_Hub телеграм арнасында жарияланады.
6.6. Байқау сайтында қатысушылардың ең жоғары және ең төменгі ұпайлары, сондай-ақ алған ұпайларының диапазондары, оларға сәйкес келетін орындар көрсетілген рейтинг берілген.
Ата-анадан «EL UMITI-2024» білім беру лагеріне өтініш нысаны
«El Umiti»қоры» КҚ
_______________________________________
(Ата-анасының/заңды өкілінің аты-жөні),
мына мекен-жайы бойынша тұратын:
________________________________________
Байланыс телефондары:
________________________________________
Өтініш
2024 жылғы 16-25 маусым аралығында Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Зеренді көлінің оңтүстік-батыс жағалауы, 6 мекенжайы бойынша орналасқан «Сұңқар» Сауықтыру кешені базасында «EL UMITI-2024» жазғы білім беру лагеріне менің
Аты-жөні (толық) _____________________________________
(күні, айы, туған жылы толық)
мына мекенжайда: _____________________________________ тұратын,
және мына оқу орынында: _____________________________________ оқитын баламды қабылдауды сұраймын.
Мен баламның көрсетілген кезеңде тұру, тамақтану шарттарымен, лагерде болу бағдарламасымен келісемін.
16 маусымда баламды Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Зеренді көлінің оңтүстік-батыс жағалауы, 6 мекенжайындағы "Сұңқар" СК базасына жеткізуге және 2024 жылғы 25 маусымда көрсетілген мекенжайдан алып кетуге міндеттенемін.
Менің балам үшін Лагерьге шығу нүктесіне дейін және кері қайту жолында жауапкершілікті өзіме аламын.
Баламен бірге "Сұңқар" СК-нің шығу нүктесіне дейін және кері қайту жолында _____________________________________ еріп жүретін болады.
Баланың ерекшеліктеріне назар аударуды сұраймын _____________________________________ (жүзе алмауы, созылмалы аурулар, тамақ өнімдеріне, дәрі-дәрмектерге аллергиялық реакциялар және т. б.)
Осы өтінішпен балам қатысатын іс-шаралардың фото және бейнетүсіріліміне, бейне-сурет материалдарын сақтауға және оларды БАҚ пен әлеуметтік желілерде пайдалануға келісімімді беремін.
Лагерь бағдарламасымен, нұсқаулықпен (қоса беріледі) таныстым және өз баламның назарына жеткіздім:
Ата-ана (заңды өкілі) _____________________________________мерзімі, қолы