«El Umiti Talent» республикалық олимпиадасын өткізу ережесі
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы ереже «El Umiti Talent» республикалық олимпиадасының (бұдан әрі - Олимпиада) мақсаттары мен міндеттерін, олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібін, нәтижелерді анықтау және жеңімпаздарды марапаттауды айқындайды.
1.2. Ұйымдастырушы: «El Umiti» қоры» корпоративтік қоры (бұдан әрі – Ұйымдастырушы).
1.3. Қатысушылар: меншік нысанына, ведомстволық және аумақтық тиесілігіне қарамастан білім беру ұйымының 7,8,9 сынып оқушылары.
1.4. Олимпиада жылына екі рет өткізіледі: күзгі және көктемгі турлар.
1.5. Өткізілу форматы: https://ro.elumiti.kz/ платформасында онлайн тестілеу.
1.6. Олимпиада пәндерінің тізімі: математика, физика, химия, биология, география, Қазақстан тарихы, информатика, ағылшын тілі.
2. Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері
2.1. Олимпиаданың мақсаты - 7,8,9 сынып оқушыларының арасында таланттарды қолдау және академиялық қабілеті жоғары оқушыларды анықтау үшін оңтайлы жағдай жасау.
2.2. Міндеттері:
1) 7,8,9 сынып оқушыларының теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдету;
2) оқушыларды халықаралық олимпиадаларға қатысуға даярлау;
3) олимпиада қозғалысын насихаттау;
4) елдің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға көмектесу.
3. Олимпиаданы өткізу тәртібі
3.1. Қатысушылар Ұйымдастырушы белгілеген мерзімде https://ro.elumiti.kz/ сайтында тіркеліп, қатысатынын растайды.
3.2. Олимпиада үш кезеңде өткізіледі: (іріктеу, жартылай финал және финал).
1) Олимпиаданың іріктеу кезеңі 10 тест тапсырмасынан, жауаптың 4 нұсқасынан, 1 дұрыс жауаптан тұрады. Берілетін балдардың ең көп саны - 100.
Тест тапсырмаларын орындау үшін 10 минуттан 60 минутқа дейін уақыт беріледі.
Белгіленген уақыт бұзылcа нәтижелер есептелмейді, қатысушы олимпиададан шеттетіледі.
Тестілеуден өту Интернет желісіне қосылған кез келген мобильді құрылғыдан немесе ДК-дан (оның ішінде смартфоннан, планшеттен, ноутбуктен) қолжетімді.
Іріктеу кезеңіне қатысу - тегін.
2) Олимпиаданың жартылай финалына іріктеу кезеңінің жалпы балының 20%-дан астамын жинаған қатысушылар өтеді.
Жартылай финал 20 сұрақтан, 4 жауап нұсқасынан, 1 дұрыс жауаптан тұрады. Берілетін балдың ең көп саны - 100.
Тест тапсырмаларын орындау үшін пәндер бойынша тапсыру уақыты белгіленеді:
● биология, география, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі - 10 минуттан 90 минутқа дейін;
● информатика, физика, химия, математика - 10 минуттан 120 минутқа дейін.
Белгіленген уақыт бұзылса, онда нәтижелер есептелмейді, қатысушы олимпиададан шеттетіледі.
Тестілеу тек ДК-мен (камерасы бар ноутбук немесе веб-камерасы қосылған компьютер) қолжетімді. Операциялық жүйе: прокторинг қызметінің жұмысына байланысты Интернет желісіне қосылған Windows (macOS жарамайды).
Қатаң түрде мына браузерлерді пайдалану ұсынылады: Chrome, Opera, Mozilla Firefox, Yandex.
Жартылай финалға қатысу құнын Ұйымдастырушы жыл сайын белгілейді.
Жартылай финалдың барлық қатысушысына Олимпиаданың жартылай финалына қатысқанын растайтын электронды сертификаттар беріледі.
3) Финалға жартылай финалдың жалпы балл санының 60% жинаған қатысушылар өтеді.
Финал 40 сұрақтан, 4 жауап нұсқасынан, 1 дұрыс жауаптан тұрады. Берілетін балдың ең көп саны - 100.
Тест тапсырмаларын орындау үшін пәндер бойынша тапсыру уақыты белгіленеді:
● биология, география, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі - 20 минуттан 150 минутқа дейін;
● Информатика, физика, химия, математика - 20 минуттан 180 минутқа дейін.
Тестілеу тек ДК-мен (камерасы бар ноутбук немесе веб-камерасы қосылған компьютер) қолжетімді. Операциялық жүйе: прокторинг қызметінің жұмысына байланысты Интернет желісіне қосылған Windows (macOS жарамайды).
Қатаң түрде мына браузерлерді пайдалану ұсынылады: Chrome, Opera, Mozilla Firefox, Yandex.
Финалға қатысу құнын Ұйымдастырушы жыл сайын белгілейді.
Финалдың барлық қатысушысына Олимпиаданың финалына қатысқанын растайтын электронды грамоталар беріледі.
4. Олимпиаданы ұйымдастыру
4.1. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу үшін Ұйымдастырушы Олимпиада кезеңдерін өткізу және оқушыларды бағалау процедураларына қажетті ұйымдастырушылық және ақпараттық-технологиялық қолдау көрсетеді.
4.2.Ұйымдастырушы Олимпиаданың ұйымдастыру комитетін (бұдан әрі - Ұйымдастыру комитеті) құрады, оның құрамы Ұйымдастырушының бұйрығымен бекітіледі.
4.3. Олимпиаданы Ұйымдастыру комитетінің функциялары:
1) Олимпиаданы дайындауға және өткізуге тікелей басшылық жасау;
2) Олимпиаданың барлық кезеңдерінде академиялық адалдықтың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
3) Олимпиаданы өткізу уақытын анықтау;
4) республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарына Олимпиада туралы ақпарат беру.
4.4. Олимпиаданы өткізу мерзімі мен шарттары туралы ақпарат https://ro.elumiti.kz/ сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі @el_umiti.kz, @olimpiada_elumiti.kz аккаунттарында жарияланады.
4.5. Олимпиаданың тапсырмаларының күрделілік деңгейі әртүрлі және мектеп бағдарламасына кірмейтін тақырыптардан тұрады, бірақ оқушылардың тәжірибесіне, қызығушылықтарына және даму деңгейіне сәйкес келеді.
5. Қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
5.1. Олимпиадаға қатысушылар өздері таңдаған бірнеше пән бойынша қатысуға құқылы.
5.2. Олимпиадаға қатысушылар өзі оқитын сынып бойынша немесе одан жоғары сынып бойынша тест тапсырмаларын таңдауға құқығы бар. Ал өзінен төмен сыныпқа арналған тест тапсырмаларын орындауға болмайды.
5.3. Тест тапсырмаларын орындау кезінде қатысушылар кеңсе керек-жарақтарын, калькуляторларды пайдалануға құқылы.
5.4. Тест тапсырмаларын орындау кезінде қатысушыларға мыналарды жасауға тыйым салынады: оқулық және өзге де әдебиеттерді, мессенджерлерді, жазбаларды және өзге де электрондық ақпарат тасығыштарды пайдалануға: сөйлесуге, отырған жерін ауыстыруға, браузерді ашуға немесе басқа қойындыларға көшуге тыйым салынады. Барлық аталған бұзушылықтар прокторинг жүйесімен тіркеледі.
5.5. Прокторинг жүйесі тіркеген академиялық адалдықты бұзған олимпиада қатысушылары олимпиададан автоматты түрде шеттетіледі.
5.6. Олимпиада кезеңдерінің нәтижелеріне апелляция қарастырылмайды.
6. Академиялық адалдық ережелерінің сақталуын бақылау тәртібі
6.1. Академиялық адалдықты бұзу фактілерін анықтау үшін платформада бейнежазбасы бар прокторинг қызметі жұмыс істейді. Прокторинг қызметінің жұмыс процесі мынадай:
6.1.1. Тест тапсырмасын іске қосар алдында қатысушы web-камераға және жұмыс үстелін көрсетуге рұқсат береді.
6.1.2. Егер қатысушы веб-камераға рұқсат бермесе, тестілеу нәтижелері қаралмайды.
6.1.3. Тапсырмалар орындалған сайын жүйе әр 2 минут сайын қатысушының веб-камерасынан алынған жұмыс үстелінің скриншоттары мен кескіндерді автоматты түрде жазып алып, дерекқорға жібереді.
6.2. Прокторинг жүйесі Осы Ережелердің 5.4-тармағында көрсетілген бұзушылықтарды анықтай отырып, оларды бір есепке жинайды.
7. Нәтижелерді анықтау және жеңімпаздарды марапаттау
7.1. Олимпиада жеңімпаздары үш кезеңнің (іріктеу, жартылай финал және финал) нәтижелері бойынша жиналған балдардың қосындысы негізінде автоматтандырылған есептеу арқылы анықталады.
7.2. Әрбір пән және оқу сыныбы бойынша үш жүлделі орын (I, II, III) айқындалады.
7.3. Олимпиада нәтижелері Финал аяқталғаннан кейін 5 күннен кешіктірілмей https://ro.elumiti.kz сайтында жарияланады.
7.4. Олимпиада жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен, сондай-ақ бағалы сыйлықтармен марапатталады.
8. Қорытынды ережелер
8.1. Олимпиадаға қатысу Қатысушының осы Ережемен толық келісетінін, сондай-ақ оның дербес деректерін жинауға, сақтауға және өңдеуге келісімін беретінін білдіреді, сонымен қатар, Ұйымдастырушы әрбір қатысушыны жазбаша хабардар етпей, кез келген уақытта осы Ережеге біржақты тәртіппен өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы екендігімен келісімін растайды.
8.2. Қатысушылардың дербес деректерін өңдеу Сайт пайдаланушысының дербес деректерінің құпиялық саясаты және Сайт пайдаланушысының дербес деректерін пайдаланудың құпиялығы туралы келісім https://ro.elumiti.kz/page/confidential-politics, https://ro.elumiti.kz/page/confidential-offer негізінде жүргізіледі.
8.3. Ұйымдастырушы осы Ережеге кез келген уақытта әр Қатысушыны алдын ала жазбаша ескертусіз өзгертулер мен толықтырулар енгізуге құқылы.