Кім қатыса алады?
Олимпиадаға ауыл мектептерінде оқитын, 6 сынып оқушылары қатыса алады.
«Мың бала» олимпиадасында іріктеу тәртібі қалай жүргізіледі?
Олимпиада 2 кезеңде өтеді: 1) I кезең - онлайн; 2) II- тікелей I кезең- онлайн Бірінші кезеңде тестілеу нәтижелерінің қорытындысы бойынша "Логикалық ойлау" және "Кеңістіктік ойлау" бөлімдері бойынша 5000 оқушы іріктеледі. ІІ кезең - тікелей Екінші кезеңде компьютерлік тестілеу бөлімдерінің нәтижелері бойынша екінші кезеңнің 5000 финалистері арасында 1000 оқушы іріктеледі. «Математика», «Жаратылыстану», «Қазақ тілі» немесе «Орыс тілі», «Ағылшын тілі» пәндері бойынша.
«Мың бала» олимпиадасы балаларға қандай мүмкіндік береді?
Ауыл мектептерінің 6 сынып оқушылары арасынан іріктелген 1000 жеңімпазға дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқу мүмкіндігі беріледі. Мысалы, олар Дарын мектептерінде, «Білім-инновация» лицейлерінде немесе Республикалық физика-математика мектебі филиалдарының бірінде, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бөлінген квоталарына сәйкес, оқуын жалғастыра алады. «Мың бала» олимпиадасының барлық финалистері дағдыларды дамыту үшін «Birge oqy» онлайн мектебінде тегін оқи алады.