«El Umiti-2025» жазғы білім беру лагеріне тегін жолдамаларды тағы 5 финалист иеленді
Құттықтаймыз!
2025 жылғы «El Umiti-2025» жазғы білім беру лагеріне жолдама алатын «El Umiti Talent» республикалық олимпиадасының 3 пәні (Қазақстан тарихы, география және ағылшын тілі) бойынша финалистерін іріктеу қорытындысы шығарылды.
«El Umiti-2025» жазғы білім беру лагеріне тегін жолдамаларды Лагерь талаптарына сай келетін көктемгі кезеңнің 8-9 сынып оқушыларынан бірнеше пәннен ең жоғары ұпай жинаған 5 финалист иеленді.
«El Umiti-2025» жазғы білім беру лагері 2025 жылдың маусым айында Ақмола облысындағы «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің (Зеренді) аумағында өтеді.
Лагерьге жолдама келесі қызметтерді қамтиды: тұру, тамақтану, бассейн, кең ауқымды көңіл көтеру бағдарламасы және табиғатта түрлі демалыс түрлері мен белсенді демалыс.
Қатысушылар мен олардың сүйемелдеушілерінің жол жүру шығындары демалыс аймағына және кері қарай жіберуші тараптың (ата-аналар/заңды өкілдер) есебінен төленеді.
|
ТАӘ |
Облыс |
1 |
Əлия Рахметуллаева |
Ақтөбе облысы |
2 |
Шамшидденова Мадина Жаксылыковна |
Батыс Қазақстан облысы |
3 |
Тұрғанбай Саяна Ерғазықызы |
Жетісу облысы |
4 |
Ақжол Еркежан Ғабитқызы |
Жамбыл облысы |
5 |
Жолдаш Әсем Сүйінбекқызы |
Жамбыл облысы |