El Umiti Talent олимпиадасы
7, 8, 9 сынып оқушысы болсаң, 8 пәннен олимпиадаға қатысып, ақшалай сыйлық немесе «El Umiti Camp» жазғы білім беру лагеріне тегін жолдама ұтып ал!
🍂Күзгі турға тіркелу және іріктеу кезеңінің тестілеуі: 13 қазан - 2 қараша
ТіркелуОлимпиадалар каталогы
«El Umiti Talent» республикалық олимпиадасы
🍂Күзгі тур 7-9 сыныптар🍂
🎁
Бағалы сыйлықтар ұтып ал!
Олимпиадаға қатысып, бағалы сыйлық немесе «El Umiti» жазғы лагеріне жолдама ұтып ал.
Сыныптар
7,8,9
Пәндер
Қазақстан тарихы, Биология, Химия, Физика, Информатика, География, Ағылшын тілі, Математика
Сыйлықтар
Гран-при 🏆
«El Umiti» жазғы лагеріне жолдама
1 орын
50 000 тенге
2 орын
30 000 тенге
3 орын
20 000 тенге
Жаңалықтар
Кім қатыса алады?
Олимпиадаға 7, 8, 9 сынып оқушылары қатыса алады.
Олимпиаданың барлық кезеңдеріне қатысуға болады ма?
Иә, оқушылар, оқу жылы ішінде, бір кезеңге немесе барлық кезеңдерге қатыса алады.
Олимпиаданың Күзгі кезеңі қашан басталады?
Олимпиаданың Күзгі турына тіркелу және Іріктеу кезеңіне қатысу 2025 жылғы 13 қазаннан 2 қарашаға дейін өткізіледі.
Олимпиадаға қатысу ақылы ма?
Іріктеу кезеңіне қатысу ТЕГІН.
Жартылай финалға қатысу ақылы – 2690 теңге.
Финалға қатысу ТЕГІН.
Олимпиаданың жартылай финалына қатысу үшін сіз іріктеу кезеңінен өткен пән бойынша ғана төлем төлеп қатыса аласыз, сондай-ақ сынып көрсетілгеннен төмен БОЛМАУЫ керек.
Кім қатыса алады?
Олимпиадаға ауыл мектептерінде оқитын, 6 сынып оқушылары қатыса алады.
«Мың бала» олимпиадасында іріктеу тәртібі қалай жүргізіледі?
Олимпиада 2 кезеңде өтеді: 1) I кезең - онлайн; 2) II- тікелей I кезең- онлайн Бірінші кезеңде тестілеу нәтижелерінің қорытындысы бойынша "Логикалық ойлау" және "Кеңістіктік ойлау" бөлімдері бойынша 5000 оқушы іріктеледі. ІІ кезең - тікелей Екінші кезеңде компьютерлік тестілеу бөлімдерінің нәтижелері бойынша екінші кезеңнің 5000 финалистері арасында 1000 оқушы іріктеледі. «Математика», «Жаратылыстану», «Қазақ тілі» немесе «Орыс тілі», «Ағылшын тілі» пәндері бойынша.
«Мың бала» олимпиадасы балаларға қандай мүмкіндік береді?
Ауыл мектептерінің 6 сынып оқушылары арасынан іріктелген 1000 жеңімпазға дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқу мүмкіндігі беріледі. Мысалы, олар Дарын мектептерінде, «Білім-инновация» лицейлерінде немесе Республикалық физика-математика мектебі филиалдарының бірінде, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бөлінген квоталарына сәйкес, оқуын жалғастыра алады. «Мың бала» олимпиадасының барлық финалистері дағдыларды дамыту үшін «Birge oqy» онлайн мектебінде тегін оқи алады.